Сайт туралы
2025 жылғы 30 қаңтарда Қазақ ұлттық өнер университетіне қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Күләш Байсейітованың есімінің ресми түрде берілуіне орай bayseitova.kz ақпараттық ресурсын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Аталған ресурсты әзірлеу барысында Қазақстан кітапханаларының кәсіби және ақпараттық қолдауы маңызды рөл атқарды. Жобаны жүзеге асыруға атсалысып, қолдау көрсеткен барлық серіктестерге алғыс білдіріледі.
Ресурста орналастырылған электрондық материалдар Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылды.
Жобаның негізгі мақсаты – қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітованың шығармашылық мұрасын жинақтау, жүйелеу және кеңінен насихаттау. Сонымен қатар ресурс пайдаланушыларды К. Байсейітованың өмірі мен шығармашылық қызметі, кәсіби жетістіктері және Қазақстанның музыкалық өнерінің дамуына қосқан үлесі туралы жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Ресурстың негізгі міндеттері:
– Күләш Байсейітова туралы тарихи және ғылыми деректерді жинақтау және жүйелеу;
– архивтік материалдарды, аудиожазбаларды, фильмографияны және библиографиялық деректерді бірыңғай ақпараттық ортаға шоғырландыру;
– пайдаланушыларға сенімді, нақты және қолжетімді ақпарат ұсыну;
– ұлттық мәдени мұраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу;
– білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық тұрғыдан қолдау.
Ресурста өмірбаяндық материалдар, архивтік құжаттар, аудиожазбалар, фильмография, сондай-ақ Күләш Байсейітованың есімі берілген нысандар туралы мәліметтер ұсынылған. Барлық материалдар жүйеленіп, библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімделген, бұл олардың ғылыми дәлдігін және пайдалануға қолайлылығын қамтамасыз етеді.
Аталған ақпараттық ресурс К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің кітапханашылары тарапынан әзірленген.
Ресурс білім алушыларға, оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, мәдениет және өнер саласының мамандарына, сондай-ақ Күләш Байсейітованың шығармашылығына қызығушылық танытатын кең аудиторияға арналған.